03:30, 22 Мамыр 2020 | GMT +6
Жаңаөзенде қайырымдылыққа арналған жәшікті тонаумен айналысып жүрген ер адам ұсталды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзенде дүкендерде тұратын, қайырымдылық үшін қаржы салуға арналған жәшіктерді ұрлаумен айналысып келген жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада-ға сілтеме жасап.
Ұсталған адамның кемінде осындай 3 әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдік келтіріліп отыр. Оларды күдікті мамыр айының басынан бері жүзеге асырып келген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция басқармасы хабарлаған.
«Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен ұстадық»,-делінген полицияның хабарламасында.
Ол бұрын да істі болған.