Жаңаөзенде бес жылда 3 мың жұмыс орны құрылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында 2025 жылға дейін 3 мың жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте шаһар басшысы Мақсат Ибағаров осылай мәлімдеді. Айтуынша, бұл түрлі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы орындалмақ. Атап айтсақ, алдағы уақытта қалада қант құрағын өңдеу және құмшекер өндіретін кіші зауыт салынады, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісі кеңейтіледі, орталық мұнай тапсыру пункті ашылады, 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысы аяқталады. Қазір қалада 9 515 адам жұмыссыздықта тіркеуде тұр. Оның 2 473-і тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Бәрін біз мұнай мекемелеріне немесе мұнай сервистік мекемелеріне кіргізе алмаймыз. Бірақ сол мекемелердің аутсорсингтеріне кіргізуге тырысамыз. Мысалы, жұмыспен қамтудан 20 адам »Өзенинвест« мекемесіне кетті. Схема бар. »Өзенинвесттен« «ВН групп» деген мекемеге барады. «ВН груптен» 51 адам экзамен тапсырып, «Өзен мұнайгаздың аутсорсингіне» кіреді»,-деді Мақсат Ибағаров.

Соңғы жаңалықтар