Жаңаарқа кентінде жылжымалы екпе пункті жұмыс істей бастады

None
None
ЖАҢААРҚА. КазАқпарат – Жаңаарқа кенті мен оған жақын ауылдардың тұрғындары жылжымалы пунктте коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ала алады. Жылжымалы медициналық кешен Мәдениет үйінің алдында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Елдегі және біздің өңірдегі эпидемиологиялық жағдай оңай емес. Барлық шектеулерге қарамастан, адамдар жұқтыруды жалғастыруда. Ал бұл қауіпті аурудың одан әрі таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцинация. Жаңаарқада 08: 00–ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейтін стационарлық екпе пункті бар. Сонымен қатар, әр елді мекенде вакцинаны алуға болатын отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар бар», – деп атап өтті Жаңаарқа ауданының әкімдігінде. 

3 тамыздағы мәлімет бойынша, Қарағанды облысында бірінші компонентпен 392 445 адам егілді, 276 294 тұрғын вакцинаның екінші дозасын алды.



Соңғы жаңалықтар