+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Жаңа жылдан бастап 340 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

2019 жылғы 9 желтоқсан 11:20
Бөлісіңіз:
Жаңа жылдан бастап 340 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрлемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін сараланған мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Біржан Нұрымбетов Атаулы әлеуметтік көмек қанша көлемде артқанын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT