Жаңа Зеландияда жанартау атқылап жатыр: 5 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның Уайт-Айленд аралында жанартаудың атқылауы салдарынан кем дегенде бес адам мерт болды, деп хабарлайды New Zealand Herald құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бес адамның мәйіті жанартаудың атқылауынан кейін табылған. Бірақ, олардың әлі кім екені әзірге анықталған жоқ.

«Көптеген адамдарды күйік шалған, олар ауруханаға жеткізілді», — деді комиссардың орынбасары.

Ол зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында шетелдік азаматтардың да бар екенін атап өтті.

Жанартау атқылау кезінде аралда 100-ге жуық адам болған, олардың біразы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Соңғы жаңалықтар