Жаңа үлгідегі жәрдемақы жамбылдық 22 мыңнан астам көпбалалы отбасыға беріледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – 2020 жылдан бастап енгізілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы жамбылдық 22 мыңнан астам көпбалалы отбасыға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келесі жылы мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесі өзгереді. Бір айта кететіні, кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп баласы бар жанұяларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақының бұл түрі осыған дейін тағайындалмаған.

Бұл, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан тапсырмасына сай әзірленген жүйе. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін қарастыра келе, табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытын нақтылады.Таяуда министрлік тиісті заң жобасын Парламент қарауына ұсынуды жоспарлап отыр.

«Енді мемлекеттік жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Оның мөлшері бала санына қарай белгіленеді. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеуде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Онымен қоса, егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда аталған төлем тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да берілмейді», - дейді облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Райхан Назарова.

Айта кетейік, облыста атаулы әлеуметтік көмекке жыл соңына дейін 21,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге 35,5 мың отбасына 15,6 миллиард теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі төленген. Сондай-ақ, АӘК тағайындау және төлеу барысында кемшіліктерді жою үшін 6914 отбасының құжаттарын қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 933 отбасына заңсыз тағайындалған 133,5 миллион теңгені бюджетке қайтару қажеттігі анықталған болатын. Бүгінгі күнге 33,6 ммиллион теңге бюджетке қайтарылды. Қалған соманы қайтарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар