Жаңа сұрыпты «Dimash Qudaibergen» көшеті Нұр-Сұлтанның Ботаника бағына сыйға берілді

None
None
РИГА. ҚазАқпарат – Латвияның «Babite» рододендрондар паркі «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» деп аталатын рододендрондардың (әлпеншек) жаңа сұрпын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парктің «Қазақстан бұрышында» рододендронның аталмыш үш сұрпына Британия халықаралық сұрыптар регистрінің сертификаттары табыс етілді. Қазақстан мен Латвия арасындағы достықтың 30 жылдығына арналған шараға Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшілігінің өкілі Айнұр Ахметова, парк басшылығы және «Dimash Latvia Dears» фан-клубының мүшелері қатысты.

«Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» ерекше сорттарының пайда болу тарихы туралы аудионұсқаулық пен гид-планшет те жасалған.

dimashnews.com сайтында мәлім етілгендей, рододендронның «Dimash Qudaibergen» сұрпы жылдамдатылған әдіспен жасалды. Өсірілген 8 көшеттің екеуі Латвияда қалады, үшеуі Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, қалған үшеуі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаника бағына жіберіледі.

Кездесу соңы бейресми форматқа ауысты – екі елдің ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, Д.Құдайбергеннің әндері шырқалды.

Рододендрон – бұл өте әдемі декоративті бұталы ағаш. Оның бір мыңға жуық түрі бар. Қысы-жазы жасыл келеді және дені жылы жерді ұнатады.


Соңғы жаңалықтар