Жаңа Су кодексі әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке климаттың өзгеруі мен шекаралас елдердің саясатын ескеретін жаңа Су кодексін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2003 жылы қабылданған Су кодексі суды шаруашылық мақсатқа пайдалану тәртібін ғана реттейді. Бұл құжат су ресурстарын сақтауға және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді. Ауа райының өзгеруі су саласында қордаланған мәселелер қазірдің өзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін кедергіге айналып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл мәселені заңнаманы жаңарту арқылы шешуге болатынын жеткізді.

«Үкіметке сарапшылармен бірлесіп, жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеуді тапсырамын. кодекс климаттың өзгеруін және шекаралас елдердің саясатын ескере отырып су ресурстарының тапшылығын азайтуға септігін тигізуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар