Жаңа Орлеанда ұшақ апатқа ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Орлеанның шет жағында (Луизиана штаты)екі орындық жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Fox News телеарнасы.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, Лейкфронт әуежайынан Жаңа Орлеанға бағыт алған ұшақ АҚШ Шығыс жағалауы уақытымен 16:00 шамасында құлаған. Оны каскадер Франк Аугустус басқарған, ал жанында Fox 8 телеарнасында 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан журналист әлі тележүргізуші Нэнси Паркер болған. Ол каскадерлер жайлы сюжет түсіріп жүрген көрінеді.

Апаттың неліктен болғаны әзірге белгісіз, ұшқыш та, жолаушы да оқиға орнында қаза тапты.



Фото: AP Photo/Gerald Herbert

Соңғы жаңалықтар