Жаңа оқу жылында 4 апталық жазғы мектеп ұйымдастырылады – Білім министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында 4 апталық жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады және 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 апта жазғы мектепті ұйымдастыру жоспарланды. Мектептер желісі жаңа мектептердің ашылуына байланысты өсті. Соның ішінде мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептердің де санының артқанын айтқан жөн», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің дерегінше, мектептерде 3 млн 600 мыңға жуық бала білім алатын болады.

«Колледждер контингенті - 470 мың, университет студенттерінің саны 650 мың адам. Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрық және арнайы дайындалған әдістемелік нұсқаулық бекітіліп, аймақтарға жіберілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар