Жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарда бар - Ералы Тоғжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде еліміздегі педагогтердің 84 пайызы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан мектеп оқушылары мен студенттер қашан офлайн оқуға оралатындығын сұраған еді.

«Барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ұжымдық иммунитет халықтың 60 пайыздан астамы вакцина алған кезде қалыптасады. Сондықтан барлық ұжымдар дайындалып жатыр. Студенттердің арасында, жалпы халықтың арасында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде», - деп жауап берді министр.

Ал осы сауалға толығырақ жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың дерегінше, бүгінде педагогтердің 84 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған.

«Сондықтан қазірдің өзінде өте байыпты дайындық жүргізіліп жатыр. Меніңше, ары кеткенде 20 шілдеге дейін (педагогтер толық вакцина алуы тиіс). Бұл жайында барлығы біледі. Офлайн режимге оралу жоспарымызда бар. Бірақ, бұл бірінші кезекте эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Дегенмен, еліміз оқытудың дәстүрлі форматына дайындалып жатыр», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар