Жаңа қаулы: Шымкентте ертеңнен бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шектеу шаралары 2021 жылдың 2 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылатыны айтылған.

Шектеу шаралары адамдардьң көп жиналуымен өтетін кез келген шараға тыйым салуды көздейді. Яғни, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу кештері, құдалық, той, беташар және басқа көпшілік шараларды өткізуге тыйым салуды көздейді.

«2020-2021 оқу жылының соңғы тоқсанында жұмысты ұйымдастыру 300 оқушысы бар қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай өткізу ұсынылады. Жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыта алады. Білім беру мекемесіне сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұксат беріледі», - деп жазылған қаулыда.


Соңғы жаңалықтар