+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: ШҚО-да балалар лагерлерінің жұмысына рұқсат берілді

2021 жылғы 7 мамыр 16:53
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: ШҚО-да балалар лагерлерінің жұмысына рұқсат берілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 2 шілдеге дейін ұзартылды «Сары» аймаққа өткен Қарағанды облысында карантин шектеулері жеңілдеді

«COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған келесі санаттағы азаматтар профилактикалық мақсатта ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді: мерзімді әскери қызметке шақырылғандар, стационарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызылған пациенттер, науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылғандар, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан кіретін қызметкерлер, еңбек демалысынан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты жұмыс орнында 5 және одан да көп күн болмаған медицина қызметкерлері» делінген құжатта.

Облыстың барлық өңірінде ғимарат сыртындағы базарларға аптаның барлық күндері шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді.

«Балалар сауықтыру лагерлеріне толтырылуы 50%-дан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық іс-шараларды ашық ауада өткізуге болады. Бірақ маска режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. Бұқаралық спорттық шараларды өткізгенде ғимараттың толуы 30%-дан аспауы қажет» делінген қаулыда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT