+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

2021 жылғы 20 сәуір 15:56
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптары қатаңдатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында тамақтану объектілері тәулік бойы жұмыс істей алады Шымкентте 65 жастан асқандардың қалада жүруіне шектеу қойылды – Қаулы Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу 30 мамырға дейін ұзартылды

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,4%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,372 .

«Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан, Аягөз аудандары мен Семей қаласының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер және полиция департаменттері, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Алматы облысы тарапына қойылатын - 2, Қарағанды облысының тұсындағы - 1 және Аягөз ауданы аумағындағы 2 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

«Қызыл» аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР-сынаманың теріс нәтижесі туралы (мерзімі үш тәуліктен аспайтын) анықтаманың болуы міндетті. Бірақ бұл талап Аягөз ауданы шекарасындағы облысішілік санитарлық бекеттерге қолданылмайды», - делінген құжатта.

Сонымен қатар Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар әлеуметтік-экономикалық объектілерде карантин шектеулерінің сақталуын қадағалауы тиіс.

«Қызыл« аймаққа кірген аталған 3 қаладағы объектілердің жұмысына бірқатар шектеу енгізілген. Атап айтқанда, ғимарат сыртындағы азық-түлік және шаруашылық заттар саудалайтын базарлар сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеп, жексенбі күні жабық болады.

Ғимараттардың ішіндегі базарлар демалыс күндері мүлде жұмыс істемейді.

Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері жұмыс күндері ғана сағат 21.00-ге дейін келушілерді қабылдайды.

Ал қоғамдық тамақтану объектілері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтардың болуына рұқсат берілген. Көрермендердің қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынды», - делінген қаулыда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT