+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

2021 жылғы 11 мамыр 22:40
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалына Ashyq енгізілді Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі

COVID-19 індетіне байланысты «қызыл» аймаққа жатқызылған өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетін болды.

Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында осындай норма қарастырылған.

«Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін», - деп жазылған құжатта.

Теміржол вокзалдарына да дәл осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде «Ashyq» жобасына қатыспайтын вокзалдардың барлығында күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды.

Қаулы қол қойылған сәтінен - 11 мамыр, сағат 20.15-тен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, әуежай ғимараттарына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізілетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT