Жаңа қаулы: Ақтөбеде бастауыш сынып оқушылары түгел мектепке барып оқиды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде шектеу шарасы жеңілдеді. Енді бастауыш сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа қаулыны жариялады.

Енді мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналардың өтінішін қабылдап, штаттық режимде жұмыс істейді.

Ал жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушыларына дәстүрлі форматта білім алуына рұқсат берілді.

«Оқушы саны 600-ден аспайтын мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат. Ал 600-ден асса бала санының 50% қамтылады. Мектептен тыс ұйымдардың штаттық форматта жұмыс істеуіне рұқсат. Жоғары оқу орындарында және колледждерде оқу аралас форматта жүреді. Практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн өтеді»,- деп жазылған қаулыда.


Соңғы жаңалықтар