Жаңа форматтағы Наурыз мейрамын атап өтеміз - Юлия Лагуткина

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз - ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді сақтауға бағытталған мейрам. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы - біздің ортақ үйіміз. Біз бәріміз бірлікте, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз және этносаралық тұтастықты сақтауға тырысамыз. Біздің қаймағы бұзылмаған табиғатымыз, салт-дәстүріміз, мемлекеттік тіліміз бен мәдениетіміз қазақ жерінде тұратын барлық ұлт өкілдерін біріктіреді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Юлия Лагуткина.

Ол жаңа форматта ұсынылған Наурыз мейрамын атап өтетінін айтты.

«Наурыз мейрамы - қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының ұлы мерекесі. Мен өзім орыс халқы қоныстанған ауылда өстім. Жыл сайын осы мерекені көршілерімізбен бірге атап өтіп, наурыз көже ішуге баратынбыз. Бастысы, бұл - ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді сақтауға бағытталған мейрам», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар