Жаңа Экологиялық кодекс мәселелері бойынша «жедел желі» іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын қолданысқа енгізуге байланысты барлық сұрақтарға тез арада жауап беруге арналған «жедел желіні» іске қосты.

Бұл Экокодекстің жаңалықтары туралы толық ақпарат алуда халыққа ыңғайлы болу үшін жасалды. Байланыс номерлері : +7 778 888 11 57/ +7 7172 740218.
Азаматтар ресми сұрау жібермей-ақ, «жедел желіге» жүгіну арқылы құжаттың баптарына, тармақтары мен нормаларына қатысты түсініктеме ала алады. «Жедел желі» жұмыс күндері сағат 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы жаңа Экологиялық кодекске қол қойды. Құжат өмір сүруге қолайлы ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына ерекше назар аударады.


Соңғы жаңалықтар