«Жаңа Алматы» бағдарламасын дамыту үшін 800 миллиард теңге қажет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша шет аудандарды дамытуға 800 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының бюджеті жарты триллионнан астам теңгені құрайды, оның көп бөлігі ағымдағы шығындарға, қалалық инфрақұрылым мен әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. 100 миллиардтан астам теңге - бұл жаңа нысандарды құруға немесе қолданыстағы нысандарды қайта құруға арналған бюджет. Біз «Жаңа Алматы» бағдарламасын жасадық, біз оны шеткі деп атаймыз: Наурызбай, Алатау аудандары. Осы жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін 5 жыл ішінде бізге шамамен 800 миллиард теңге қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев Қазақстандық қаржы форумында.

Әкімнің айтуынша, инвестициялар тарту және бизнесті белсенді дамыту әкімдік үшін өте маңызды. Бұл қала бастамаларын іске асыру үшін салық өсімін қамтамасыз ететін және алматылықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өз кезегінде оларды экономиканың дамуына инвестициялай алады.

«Осы орайда, біз қалыптасу кезеңінен өтіп, белсенді жұмысқа кіріскен АХҚО-ны пайдалануымыз керек бұл өте маңызды», -деп атап өтті форум жұмысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар