Жамбылдық полицейлер жасөспірімдердің құқыққа қайшы 7 тобын есепке алған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер ата-аналарға өз балаларына жеткілікті көңіл бөлу қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы Жамбыл облысының ішкі істер бөлімдері ювеналды полиция бөліністері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырған.

«2020 жылдың он бір айында ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар үшін 8 425 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 486 жасөспірім және 333 қолайсыз отбасы есепке алынды. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін ерекше режимдегі арнайы мектепке 20 жасөспірім орналастырылды. Өз міндеттерін тиісінше орындамаған 56 ата-ана немесе олардың орнындағы адамдар ата-аналық құқықтарынан айырылды», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы бағыттағы жеті тобы ішкі істер органдарында есепке алынды. Айта кетейік, осындай үш топтың, оның ішінде тоғыз адамның түзелуіне және топтан кетуіне байланысты 17 адам есептен шығарылған.


Соңғы жаңалықтар