Жамбылдық полицейлер жас волонтерлерді марапаттады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада жыл бойы құқық қорғау органдарына белсенді көмек көрсеткен еріктілер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер органдарының профилактикалық бағыттағы іс-шараларына тұрақты әрі белсенді қатысып жүрген, азаматтық ұстанымы берік бірқатар жас волонтер марапатталды. Оларға Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Жанат Сүлейменов алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

«Ішкі істер органдары жүйесіндегі еріктілер қозғалысы аймақ жастары арасында ерекше танымалдылыққа ие болып отырғанын атап өткен жөн. Олардың құқық бұзушылықтардың мен қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қосқан үлесі ауқымды әрі маңызды. Бұл орайдағы бірлескен жұмыстар жалғасады деп сенемін. Сіздерге тұрақты азаматтық ұстанымдарыңыз бен жалпы қоғамдық өмірдегі белсенділіктеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деді Жанат Сүлейменов.

Сонымен қатар, жыл бойы аймақ өміріне белсенді атсалысқан еріктілер марапатталып, оларға өздері куә болып, қатысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәлімет берілді.

«Мен өз қаламның өміріне, қоғамға титтей болса да пайда әкелетін іске өз үлесімді қоса алғаныма қуаныштымын. Өз замандастарымды айналамызда орын алып жатқан маңызды оқиғаларға бей-жай қарамауға, заң бұзушылықтарға төзімсіздік танытуға шақырамын. Азаматтардың шағымдарына жедел жауап қатып, тұрақты әрекетіп жүрген полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын», - дейді қоғам белсендісі Жанна Мамашева.


Соңғы жаңалықтар