Жамбылдық оқушыларға 1541 планшет, 2756 моноблок, 1200 ноутбук жеткізілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Сервис Маг» компаниясы 1541 планшет жеткізді. Алдағы уақытта планшеттер аудандық және қалалық білім бөлімдеріне таратылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компьютерлік техника бірінші кезекте осал топтағы отбасылардың балаларына уақытша пайдалануға берілетін болады.

Аталған басқарма баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұған дейін, 23 қыркүйекте өңірге мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Barys system» компаниясы 2756 моноблок, ал «Best buy 01» компаниясы 1200 ноутбук жеткізген.

Облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері компьютерлік техникаларды жеткізу және таратуға қатысып, компьютерлердің техникалық сипаттамаға сәйкестігін тексерді. Ал компьютерлік техникаларды сатып алу, тарату жұмыстары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті және «Адалдық алаңы» жобалық офисінің тікелей бақылауында.


Айта кетейік, еліміздегі пандемияға байланысты облыста 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылды.

Өңірдегі 229 мектепте 148,7 мың оқушы қашықтан, ал эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 213 мектепте 32 мың оқушы дәстүрлі түрде оқуда. Бұдан

бөлек, қашықтан оқытатын 222 мектептегі 4 385 кезекші бастауыш сыныпта 58 мың оқушы білім алуда.


Соңғы жаңалықтар