Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста қза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды, деп хабарлайды Ақорда. ҚазАқпарат Президент жарлығының толық мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Әлімбеков Саят

Жанатұлы

(марқұм)

Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Заикин Сергей

Владимирович

(марқұм)

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы

Қырғызәлиев Ерлан

Рысқұлбекұлы

(марқұм)

Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Әділбек Әділет

Қанатбекұлы

(марқұм)

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

Кеңес Әліби

Бексұлтанұлы

(марқұм)

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

Қуатбек Ғафан

Жомартұлы

(марқұм)

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері

Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы

(марқұм)

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 қыркүйек

№ 660


Соңғы жаңалықтар