Жамбылдағы пилоттық жоба: Шалғай ауылдың да шаруасы шалқымақ

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту жобасы аясында шалғай ауыл - Мойынқұм ауданындағы Кеңес ауылдық округі де түлей түспек, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Асқар Мырзахметов пилоттық жобаға енген Кеңес ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Округке бір ғана Айдарлы елді мекені қарайды. Ауылда барлығы 363 аула бар болса, онда барлығы 2004 халық тіршілік кешуде. Ауылда барлық аула сумен толығымен қамтылған десек, ондағы үй іргесіндегі жер көлемі 58 гектарды құрайды. Бұл жерлерді тиімді пайдаланып, табысқа кеңелуге 318 аула ынталы. Сондай-ақ, 93 аула 1 395 бас мал алуға ниетті.

Жоба аясында малға жем-шөп дайындау, техника тапшылығын шешу, сапалы тұқыммен қамту, өнім көлемін арттырып, өткеру мәселелері шешілмек.

Айта кетейік, ауылдық округтегі жалпы 363 аулада 2004 адам тұрады. Ондағы үй іргесіндегі 58 гектар жер 100 пайыз сумен қамтылған.

Бүгінде жобаның бірінші бағыты бойынша тиімді несиеге 318 аула өтінім берген. Ал, екінші бағыт аясында 93 аула иелерінен 1 395 бас мал алуға деген сұраныс түскен.

Асқар Исабекұлы жоба игілігі жалпы аулаларды тұтастай қамтуға негізделгенін айтып, оған барлық тұрғындарды тарту жолында жұмыстар жүргізуді тапсырды. Жиында басқа да бағыттардағы қолға алынған шаралар сараланды. Тұрғындардың сауал-тілектері тыңдалып, жан-жақты жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар