+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Жамбылдағы мәдени мекемелер онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр

2020 жылғы 28 наурыз 02:23
Бөлісіңіз:
Жамбылдағы мәдени мекемелер онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы мәдени мекемелер онлайн режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының коронавирустың алдын алу шараларын күшейту бойынша жасаған мәлімдемесіне сай Жамбыл облысындағы мәдениет және өнер мекемелерінде қоғамдық мәдени іс-шаралар уақытша тоқтатылды.

Дегенмен, мәдени мекемелер онлайн режимінде әртүрлі бағытта жұмыстарын жалғастырып, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, zhambylmadeniet.kz) атқарылып жатқан шараларын жариялауда. Олардың ішінде виртуалды музей, онлайн экскурсиялар,бейне-спектакль, онлайн-концерттер өткізілуде.

Атап айтсақ, жуырда жергілікті әнші Жандос Омаров көрерменсіз, қашықтан онлайн телевизиялық форматта концерт берсе, филармония әншілерінің ән-шашуы, барлық шығармашылық ұжымдардың әртіс, әнші, бишілерінің үй режимінде шығармашылық жұмысы, үйірме жетекшілердің онлайн қабылдауы ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 17 наурыздан бастап Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Онлайн кітапхана» режимінде оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Ал, облыстық орыс драма театры өз спектакльдерін бейнежазба арқылы көрерменге ұсынуда. Бүгінге дейін Г. Фигейредоның «Дон Жуан», Д. Фонвизиннің «Жетесіз жеткіншек» комедияларын, Шыңғыс Айтматовтың шығармалары желісінде сахналанған «Найман ана», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» драмалары әлеуметтік желі және ютуб-канал арқылы көпшілік назарына ұсынылған.

Бұдан бөлек, өзекті тақырыптарда тағылымды бейнероликтер және Наурыз мерекесіне орай алдын ала әзірленген арнайы компазициялық-көріністер жүктелген.

Театр басшысы Ақылдос Тәжиевтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Айта кету керек, бұл мекемелердің бәрінде залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп, арнайы дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT