Жамбылда жергілікті тұрғыннан сирек кездесетін сексеуіл тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері Қызыл кітапқа енген сексеуіл тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Браконьер» іс-шарасы кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері Мойынқұм ауданының 49 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «УАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатып, одан көлікке тиелген Қызыл кітапқа енгізілген сексеуіл ағашын тәркіледі.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Тәркіленген сексеуіл процессуалдық шешім қабылданғанға дейін сақтау үшін Мойынқұм ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қоймасына тапсырылды.



Соңғы жаңалықтар