Жамбылда жасөспірім жоғалып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелет жасына толмаған Тұран Жалғасты іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2003 жылы туған Тұран Мұқашұлы 8 қаңтарында шамамен сағат 12: 00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

ПД департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған жасөспірімнің бойы 170-175 см, арықтау, қара шашты, үстіне қоңыр түсті күртеше, көк джинсы, аяғына қара кроссовки киген.

«Тұран Мұқашұлының қайда екенін білетіндер 8 7262 46-44-47, 8 747 854 28 12 телефондарына немесе 102 пультіне хабарласуыңызды сұраймыз»,-делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар