Жамбылда зейнеткер әйел оқуға түсіріп берем деп алдап, 2 млн теңгені қалтасына басқан

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жоғары оқу орнына түсіруге уәде берген алаяқ 2 миллион теңгені қалтасына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жуалы ауданында 63 жастағы Түркістан облысының тұрғыны түлектердің ата-анасына еліміздің академияларының біріне түсуге көмектесуге уәде беріп, еңбегі үшін алдын ала 1 200 000 теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін тайып тұрған.

«Күдікті әйелді Жамбыл облысы криминалдық полиция қызметкерлері қолға түсірді. Оның осы секілді екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жалпы шығын көлемі - 2 миллион теңге», - дейді ДП басшысының орынбасары Нұржан Қалметов.

Аталған фактілер қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жамбыл облыстық полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбанына айналмас үшін сақ болуға шақырады.



Соңғы жаңалықтар