Жамбылда заңсыз аң аулаған орманшы ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері заңсыз аң аулаған орманшыны ұстады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақбөкен» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Жамбыл облысының ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қаракемер ауылының маңындағы тас жолда Мойынқұм ауданының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ауди 100» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан белгісіз жабайы жануарлардың 3 ұшасы табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жүргізуші көлігінен табылған ұшалар тиісті рұқсатсыз және жолдамаларсыз заңсыз аң аулау кезінде дайындалған қабан еті екенін түсіндірді. Ұсталған азамат Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Мойынқұм ауданының Ұланбел ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің орманшысы екендігі анықталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.


Соңғы жаңалықтар