Жамбылда ұйымдасып, мал ұрлығымен айналысқан баукеспелер ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдық полицейлер бірнеше мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады. Ұры өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне аудандағы шаруа қожалықтардың бірінен екі бас жылқы малының ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Аталған дерек бойынша облыстық криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде іске қатысты 1993 жылы туған Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге іздеуде жүрген бір бас бұқа мен бір бас сиырды ұрлағанын да мойындады. Жалпы шығын 700 000 теңгені құраған. Жедел-іздестіру кезінде оның сыбайласы да ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық және 3-бөлімі – бірнеше рет жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар