Жамбылда ұрланған көлікті ағаш арасына жасырып, Қырғызстанға апара жатқан жүргізуші ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы шекарашылар жеңіл көлікті Қырғызстанға өткізбек болған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы 1 маусымда «Айша бибі» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетіндегі шекарашылар ұрланған «Мерседес-бенц» жеңіл көлігін Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті. Заңсыз шығару үшін қылмысты ұйымдастырушылар көлікті жүк көлігіне арамен кесілген ағаштардың ортасына жасырған. Жүргізушіде көлік құжаттары болмаған», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің хабарлауынша, табылған жеңіл көлік Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

«Бұл – Айша бибі бекетіндегі көлікті жасырын алып өтпек болған екінші оқиға. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан аумағынан көлікті заңсыз шығаруға жол бермеуге көңіл бөледі» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар