+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Жамбылда ұрланған 72 бас мал иелеріне қайтарылды

2020 жылғы 20 қараша 09:47
Бөлісіңіз:
Жамбылда ұрланған 72 бас мал иелеріне қайтарылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер 3 күндік «Мал ұрысы» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал ұрысы» жедел-алдын алу іс-шарасының 3 күні ішінде облыстың полиция қызметкерлерімен мал ұрлығының 16 дерегі ашылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде иелеріне 72 бас мал қайтарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәселен, ағымдағы жылдың 18 қарашасында полицияға Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының бірі белгісіз тұлғалармен жайылымнан 23 бас ірі қара мал ұрланғаны, шығын көлемі 5 млн. теңгедей залал келтіргені туралы хабарласты. Жедел-іздестіру шаралары барысында Байзақ ауданының 43 және 44 жастағы екі тұрғыны анықталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамаққа алынды. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыс бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 169 мал ұрлығы тіркелген. Ұрланған 623 бас малдың 295-і иелеріне қайтарылып, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам материалдық шығын өтелді. Мал ұрлығының тіркелген деректері бойынша полиция қызметкерлері 93 адамды, оның ішінде 35 адамнан тұратын 16 топты қолға түсірген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдарына бақылауды күшейтуді және жайылымдарда қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ бейтаныс адамдарға мал жайдырмауды ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT