+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Жамбылда үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

2020 жылғы 20 қараша 07:44
Бөлісіңіз:
Жамбылда үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Онлайн режимде өткен форум алаңында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік сектор өкілдері өз жұмысының нәтижесін талқылап, алдағы кезеңге арналған жоспарды айқындады.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев форум қатысушыларын арнайы құттықтады. Ол 30 жыл ішінде серіктестік, мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы ынтымақтастық жүйелі сипатқа ие болғанын атап өтті.

Бүгінгі күні облыста алты саяси партия, 894 үкіметтік емес ұйым, 356 діни бірлестік, 12 қоғамдық кеңес, 15 кәсіподақ ұйымы тіркелген.

«Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Біз сіздердің халық арасында қалай жұмыс жасап жатқандарыңызды көріп, біліп отырмыз. 30 жыл ішінде Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары өздерінің маңызды рөлдерін көрсетіп, еліміздің нағыз патриоттары екенін дәлелдеді. Біз мұны жақсы түсінеміз, алдағы уақытта да өңір тұрғындарының игілігі үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз, - деді өңір басшысы.

Ол азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы меморгандардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге көмектесетініне сенім білдірді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мемлекет әлеуметтік бастамаларды әрдайым қолдайтынын баса айтты.

«Жамбыл облысында азаматтық сектор қоғамдық бақылау құралдарын табысты пайдалануда, волонтерлік белсенді дамып жатыр. Білім сапасын жақсартуға, азаматтардың денсаулығын сақтауға, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінген», - деді ол.

Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева әріптесін қолдап, Жамбыл облысындағы жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес сектор тұрақты байланысын атап өтті.

Форум шаралары панельдік секцияларға ұласты.

Бұл күні «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары мен «ASAR» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Азаматтық сектордың ең белсенді өкілдеріне «Халық алғысы» медалі және облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT