Жамбылда төтенше жағдай кезінде 50 браконьерлік дерек анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы аумағында «Уылдырық шашу» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Ол бойынша төтенше жағдай талаптарын бұзып, табиғатқа зиян келтіргендер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық ПД КҚПБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аталған жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 50 заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

«Айталық, Шу ауданы Бірлік ауылының жанында осы ауданның Белбасар ауылының 42 және 34 жастағы тұрғындары ұсталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сонымен қатар, басқа да заң бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті ТЖ және уылдырық шашу кезеңінде анықталған балық аулау және қала сыртындағы демалыс әуесқойлары заңға сәйкес жазаланатындығын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар