Жамбылда марихуана дайындап, сатып келген 53 жастағы тұрғын ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер есірткі сатты деген күдікпен ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізуде.

Шара барысында марихуана өткізбек болған Талас ауданының 53 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасының батыс аймақтарына сату үшін марихуана дайындаумен айналысқан.

«ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Жамбыл ауданының уақытша изоляторына қамаққа алынды» делінген ведомство хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар