Жамбылда коронавирустан жазылып шыққан адам - 29 жаста

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан сауығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігіне сілтеме жасап.

«29 жастағы азамат Қырғыз Республикасынан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын. Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады»,-делінген хабарламада.

Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды. Он енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.



Соңғы жаңалықтар