Жамбылда қолдан вакцина паспортын жасаған 30 факт анықталды – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысында вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың 30 дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған COVID-19 қарсы вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда Агенттік жалған вакцинация паспорттарын берудің 30 дерегінің жолын кесті.

Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқарады.

Осылайша, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті.

Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз.


Соңғы жаңалықтар