Жамбылда «КамАЗ-ға» соғылған екі автобуста 50-ге жуық жолаушы болған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «КамАЗ» жүк көлігі, бір жеңіл автокөлік, және екі автобус бір-біріне соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі жол апаты 8 желтоқсанында сағат 22.00 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының 239 шақырымында болған. Алматыдан Таразға бет алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлік кенеттен басты жолға шығып кеткен бір бағыттағы «КамАз» жүк көлігіне келіп соғылған. Сол мезетте жолда тоқтап тұрған аталмыш жүк көлігін осы бағытта келе жатқан екі жолаушылар автобусы келіп соққан.

«Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, тез арада жолаушылардың барлығын өтіп бара жатқан көліктерге салып жіберген.

Автобустың бірінде 26, екіншісінде 20 адам болған. Төрт адам жеңіл жарақатпен Қордай аудандық ауруханасына қаралып, үйлеріне қайтарылған», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар