Жамбылда екі теміржолшыны пойыз басып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында пойыз басып кеткен екі теміржолшы оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Жамбыл облысының Бел станциясына жақын маңда орын алған. Теміржолдың бойында жүрген жұмысшыларды «Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы қағып кетеді. Салдарынан теміржолшылар алған жарақатынан сол жерде көз жұмған. Қазіргі таңда теміржол ұйымының екі жұмысшысын жолаушылар пойызының басып кетуіне байланысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көлік департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«13 қаңтарда жолаушылар пойызы Жамбыл облысының Бел станциясына кірген кезде «Алматы-Ақтөбе» пойызы екі адамды қағып кетті. Олар оқиға орнында қайтыс болды. Тексеру кезінде олардың теміржол ұйымдарының 33 және 44 жастағы жұмысшылары екені анықталды» делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-тармағы «Теміржол көлігін пайдалану немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуына әкеліп соқтыру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.



Соңғы жаңалықтар