Жамбылда «Егістіктен – сөреге дейін» жобасына 1 млрд теңге бөлінген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Еістіктен – сөреге дейін» жобасы аясында жұмыстар қызу жүргізілуде. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауынан бизнес айрықша қолдауды сезінді. Президент бұл Жолдауында да көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталды. Әсіресе агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, сондай-ақ пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабыл алды.

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы дер кезінде жүзеге асырылып, облысымызда нәтижелі жұмыстың бар екендігін көрсетті. Жамбыл облысының кооперациялық тізбекті дамыту жөнінде тәжірибесі бар.

Бұл тұрғыда, биылдан бастап жүзеге асқан ауылда кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасын тиімді және ұтымды пайдалана отырып, өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз өткеруге болады. Бұл пилоттық жоба оңтүстік өңірлерде 2020 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асыру үшін Жамбыл облысына 1 млрд теңге бөлінген.

«Қазірдің өзінде «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында Жамбыл облысында сауда желілеріне өндірген өнімін өткеруге 52 тауар өндіруші дайын. «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге үшін Жамбыл облысына 1 млрд теңге бөлінгенін атап өту керек»,-дейді Аспандияр Сейсебаев.

Мемлекет басшысы кәсіби мамандардың тапшылығын да атап өтті. Салдарынан аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы – бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек екенін жеткізді.

«Бұл ретте, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасында отандық сарапшы-мамандардың тізімі құрылған болатын. Өкінішке орай, пандемияның салдарынан мамандар толыққанды оқыту жұмыстарына кірісе алмады. Бұл бағытта алдағы уақытта жұмысты онлайн режимге ауыстырып, агро-білімді шыңдай түсеміз деген жоспарымыз бар», — деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар