Жамбылда бюджет қаражатын тиімді жұмсай алмаған 37 басшы жазаланды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 91 нысанға аудиттік тексеру жүргізілген. Оның ішінде 74 нысаннан 53 млрд 729 млн 800 мың теңгені құрайтын заңбұзушылық анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы және өзге де мәселелер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Алмас Дүйсенбаев баяндады.

«Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 74 нысанда жалпы сомасы 53 729,8 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 7 927,6 млн теңге қаржылық бұзушылықтар, 45 802,2 млн теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Қолданылған шаралар арқылы 7 233,8 млн теңге бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру - 91,2 пайыз»,-деді А.Дүйсенаев.

Сондай-ақ, спикер жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер үшін 37 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылғанын айтты.

Олар - облыстағы түрлі мекеме және кәсіпорын басшылары.

Айта кетейік, аталған уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің қаржылық есебі мен өзге де бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл сайын аудит жүргізеді.

Әрі республикалық және жергілікті бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын жіті тексереді.

Соңғы жаңалықтар