+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Жамбылда бұған дейін белгісіз болған 8 батырдың есімі анықталды

2019 жылғы 15 қазан 02:27
Бөлісіңіз:
Жамбылда бұған дейін белгісіз болған 8 батырдың есімі анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Совет Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ түрлі себептермен дәл сол марапат берілмеген, есімдері бұрындары бізге белгісіз болған 8 жамбылдықтың есімі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде республикалық әдеби форум өтті Жекелеген азаматтардың «Менің әліпбиім қабылданады» деуі қате пікір – Нұрғиса Дәуешов Жамбыл облысындағы ең биік ескерткіш орнатылуда

Бұл туралы облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері хабарлады.

Совет Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ түрлі себептермен дәл сол марапат берілмеген, есімдері бұрындары бізге белгісіз болған 8 жамбылдық бар.

Олар:

Алишев Шахан – Шу ауданы, Төле би ауылының тумасы;

Каргулин Абдурахман Мухамеджанович – Жамбыл аудандық әскери бөлімінен шақырылған;

Маматалиев Султан – Жамбыл аудандық әскери бөлімінен шақырылған;

Рамазанов Ташан – Жамбыл аудандық әскери бөлімінен шақырылған, ұрпақтары Меркі ауданында тұрғаны туралы дерек бар;

Джиенбаев Умбеткул – Байзақ ауданы, Ақжар ауылының тумасы;

Айткулов Мусабек – Шу аудандық әскери бөлімінен шақырылған;

Умикеев Ургалбай – Қордай аудандық әскери бөлімінен шақырылған;

Искаков Султанбай – Шу ауданы, Ленин колхозының тумасы;

Бұл 8 майдангердің есімі Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде бар. Олардың 4-еуі туралы деректерді қазіргі таңда архив өз құжаттары бойынша жинап та қойса, 3 майдангердің суреті де анықталыпты. Алайда, әлі де деректері анықталмаған 4 майдангер бар екен.

«Архив қызметкерлері жамбылдық майдангерлердің тізімін жасау, «EErlik.kz ақпараттық сайтына деректерін енгізуді 2018 жылдан бері, ал екінші дүниежүзілік соғысы тақырыбындағы зерттеу жұмыстарын 2012 жылдан бері жүргізіп келеді. Қазіргі таңда біз жоғарыда есімдері аталған майдангерлердің тағдырын анықтау мақсатымен ұрпақтарын іздестірудеміз. Жалпы Қазақстан бойынша мұндай 133 майдангердің есімін «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы анықтаған»,-делінген Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT