Жамбылда биыл жол-көлік оқиғасынан 130-дан аса адам мерт болған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда абай болуға шақырады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 778 жол-көлік оқиғасы тіркелген десек, оның салдарынан 134 адам қайтыс болып, 1157 адам жарақат алған. Бұл туралы облыстық Полиция департампентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент қыс мезгілі жол аса сақтықты және әрбір жүргізушіден барынша мұқият болуды талап ететін ескертеді.

«Климаттық өзгерістерге байланысты қыста жолдың жағдайы айтарлықтай нашарлайтыны байқалады. Жол қозғалысына қатысушыларға елді мекендерден тыс жерлерге шығуға шектеуге кеңес береміз. Ауа-райы мен жолдардың жабылуына қатысты арнайы хабарламаларды негізге алып отыру қажет», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушылардың (тәжірибесіз жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің, велосипед, мотоцикл жүргізушілердің және жолаушылардың) қаза болуы мен зардап шегуінің негізгі және жиі кездесетін себебі олардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы болып табылатындығы айтылған. Қыста жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін тағы бір себебі ретінде көлік дөңгелектерінің ауа-райының жағдайына сәйкес келмеуі және ең алдымен протектор үлгісінің жоғары деңгейде тозуы екендігіне назар аудартып, қыста өте сақ әрі мұқият болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар