Жамбылда биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты 64 дерек тіркелді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 64 қылмыстық дерек тіркелді. Мұны Jambyl – Adaldyq аlany жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол мекемелерге құқық бұзу деректерін жою туралы 51 нұсқама берілгенін де атап өтті.

«Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 252,6 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді», - деді Нәзима Жұбандықова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 500 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған.


Соңғы жаңалықтар