+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Жамбылда биыл көпбалалы аналарға арналған 12 жатақхана пайдалануға беріледі

2019 жылғы 6 қараша 09:12
Бөлісіңіз:
Жамбылда биыл көпбалалы аналарға арналған 12 жатақхана пайдалануға беріледі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана салынып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімінің бастамасымен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларының кезегі келгенше баспанамен қамту мақсатында 612 пәтерлі 12 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 478 пәтерлі 9 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 3 жатақхана 2020 жылы тапсырылатын болады», - деді Еркебұлан Дауылбаев. Сондай-ақ, ол жалпы бюджет есебінен биыл 2 195 адамды баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, аталған жатақханаларда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұрғын үй кезегі келгенше уақытша паналай алады.

Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегіне 1 800-ге жуық көпбалалы отбасы тіркелсе, ол еліміздегі кезекте тұрған 28 100-ден астам көпбалалы отбасының 6,2 пайызын құрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT