Жамбылда биыл кәмелетке толмағандарға қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында биылғы жылдың 10 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, өңірде жыл басынан бері оқушы зорлығына қатысты 8, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың 5, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсудің 17 дерегі және тағы да басқа қылмыстар анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды.

Онда Жамбыл облысы аумағында 9 қарашадан басталған «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының барысы баяндалды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықығын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен өтетін науқан 20 қарашаға дейін созылатынын жеткізді. Шара балаларға қатысты қатігездік қарым-қатынастарға қоғам назарын бұру, балалар өміріне бей-жай қарамау мақсатына негізделген.

Ақпараттық науқан аясында аймақта 15-ке жуық түрлі іс-шара өтпек. Олардың қатарында түнгі рейдтерден бастап, онлайн-семинарлар мен эссе жазу, фото конкурс секілді шарапатты шаралар ұйымдастырылатынын айтты.

«Биыл кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың алдын-алу мақсатында прокуратура, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен 2 мыңға жуық бірлескен рейд жүргізілді. Оның 1 400-і мектептер маңында өтті. Нәтижесінде 5 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 3 мыңға жуығы кәмелетке толмаған баланың түнде үйден тыс жерде жүруіне қатысты болып отыр», - деді Талғат Жамалов.

Соңғы жаңалықтар