Жамбылда бақылау камералары арқылы күніне 50-ден астам бұзушылық анықталады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында сыртқы бақылау камераларының көмегімен күніне 50-ден астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдық полицейлер сыртқы бақылау камераларының көмегімен күніне 50-ден астам әкімшілік бұзушылықты анықтайды. Бұл өз кезегінде тәртіп сақшыларының жұмысына айтарлықтай оң ықпал етуде.

Айталық, Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камераларымен Сейфуллин көшесінде «БМВ» маркалы автокөлік жүргізушісінің жолдың қарсы жолағына шығып, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған екі дерегі тіркелді. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 5-бөлімі және 599-бабы 1-бөлімі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ, бес жүргізуші автомобиль әйнегіне жабындар немесе пленкалар салғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласының Сейфуллин көшесіндегі бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өткен «ВАЗ» маркалы автокөлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенінің және сыртқы бақылау камераларының көмегімен Қонаев көшесінде көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар «Лада Ларгус» маркалы автокөлігінің қозғалысы анықталды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалынды. Ол он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді» делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар