Жамбылда 442 мектепте өткен ашық сабақта Елбасы еңбектері дәріптелді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы мектептерінде «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты ашық сабақ өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жамбыл облысындағы мектептерде жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Оған аймақтағы 442 білім ордасы қатысты. Іс-шара өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім құндылықтарын дарыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатына негізделді. Ашық сабақтарда оқушыларға тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері айтылды.

Әр мектеп-гимназияларда өткен сабақтарға «Казфосфат» ЖШС директоры, ҚР Еңбек ері, Жамбыл облысының құрметті казаматы Мұқаш Ескендіров, жүзуден ҚР спорт шебері Зульфия Габидуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Төлепберген, «Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, «Жас Отан» жастар қатаны облыстық филиалының басшысы Уәлихан Болатбек қатысты.

Тараз қаласындағы номері 30-мектеп-гимназиясында өткен ашық сабақ әңгімелесу форматында ұйымдастырылды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезіндегі қызметі туралы қалам тербеген қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепберген оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Елбасының ел дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.

«Егемен Қазақстан» газетінде журналист болып жүргенде Елбасымен көптеген іссапарда бірге болдым. Сол кездерде әсіресе шетелде біздің Президенттің ерекше беделге ие екенініне талай куә болдым. Сондай-ақ әр аймақты аралаған кезде Елбасы Қазақстан осы облыстарындағы әрбір азаматты, диқанды да, шағын бизнесте жүрген азаматты немесе мықты іскер азаматтың барлығын таниды. Бұл деген сөз туған елінің барлық азаматына өзі сияқты қарайтынын білдіреді»,-деді М.Төлепберген.

Соңғы жаңалықтар