+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Жамбылда 100-ге жуық жалғызбасты зейнеткердің үйін жөндеуге көмек берілген

2020 жылғы 26 қараша 06:20
Бөлісіңіз:
Жамбылда 100-ге жуық жалғызбасты зейнеткердің үйін жөндеуге көмек берілген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында соңғы үш жылда 97 жалғызбасты зейнеткерлердің тұрғын үйі жөнделген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін «Ауыл – Ел бесігі»: Биыл Қарағанды облысындағы 11 ауылда 19 жоба жүзеге асырылады

Еркінбек Солтыбаев өңірде соңғы 3 жылда зейнеткерлерге материалдық және қаржылық көмектің көптеген түрі көрсетілгенін айтты. Ол қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлықтары аясында жүзеге асқан.

Атап айтсақ, облыстағы 97 жалғызбасты-зейнеткерлердің тұрғын үйлері жөнделіп, 245 адамға коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге жәрдем беріліпті. Сондай-ақ, 2556 адамға азық-түлік себеті тапсырылған.

Осы жылдар ішінде 465 ардагер сауықтыру орындарына жолдамамен жіберілген. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде тұратын 567 зейнеткердің малына жем-шөп түсіріліп, 237 зейнеткерлерге қыстық отын дайындалған.

3349 адамға мерекелік түскі ас берілген. 1069 зейнеткерге қаржылай жәрдем беріліп, 530 зейнеткерге волонтерлық көмектер көрсетілгені айтылды.

«Біз соңғы үш жылда жалпы саны 1969 шарапаты мол іс-шара өткізіппіз. Оның 174-і қайырымдылық сенбілік, 159 әлеуметтік жәрмеңке, дәрігерлік мекемелерде 167 ашық есік күнін, 395 концерт, 253 спорттық шаралар мен 472 дөңгелек үстел ұйымдастырдық»,- деді Е. Солтыбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT