Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – 28 қаңтар – жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған қарай жамбылдықтар ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақынның 174 жылдығына орай, облыс әкімдігі ғимаратының алдында орналасқан Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев және зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Жиналған көпшілік ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен соң бір минут үнсіздікпен тұлға рухына тағзым етті.

Айта кетейік, 1939 жылы облыс алғаш құрылғанда, өңірге ақын есімі берілген болатын.


Соңғы жаңалықтар